«Өзін-өзі басқару» ұйымының жетекшілігімен бастауыш сынып оқушылары арасында «Кішкентай Ханшайым» байқауы болып өтті. » "Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 2-09-19
Есепші бөлімі:
+7(72770) 2-00-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Өзін-өзі басқару» ұйымының жетекшілігімен бастауыш сынып оқушылары арасында «Кішкентай Ханшайым» байқауы болып өтті.
20
апрель
2022

«Өзін-өзі басқару» ұйымының жетекшілігімен бастауыш сынып оқушылары арасында «Кішкентай Ханшайым» байқауы болып өтті.

Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы С.Бердіқұлов атындағы орта мектебінде 20.04.2022 күні «Өзін-өзі басқару» ұйымының жетекшілігімен  бастауыш сынып оқушылары арасында «Кішкентай Ханшайым» байқауы болып өтті. 
Байқаудың мақсаты: 
1) Егеменді елдің ертеңгі болашағының іргесін берік ететін қазақ қыздарының бойында мәдениеттілік, әдептілік, инабатты, ибалы, сыпайылық қасиеттерін қалыптастыру.
2) Жан-жақты білімді, сауатты болуға үйрету. Бойындағы өнерін және қол өнер шеберлігін дамыту, жетілдіру.
3) Аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, мейірімділікке, қоғамның белсенді азаматшалары болуға тәрбиелеу. 
Байқауға 3-4 сынып оқушы қыздары қатысты.
Байқау 5  турдан тұрды:
1.Таныстыру
2.Өз өнері (ән,би)
3.Шебер колдар (қолдан жасалған қағаздан немесе тігілген кез келген қолөнер бұйымы)
4.Мақал-мәтел жарысы. 
5.Сән үлгісі.
Оқушы қыздарымыз өздерін сан түрлі қырларынан көрсете білді. Сайыс жоғары деңгейді өтті. Байқауды ұйымдастырған «Өзін-өзі» басқару ұйымына алғысымыз шексіз!
#өзін_өзібасқару
#кішкентайханшайым