Мектеп тарихы » "Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 2-09-19
Есепші бөлімі:
+7(72770) 2-00-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
06
апрель
2017

Мектеп тарихы

    Мектеп 1962 жылы құрылған. 8 жылдық Ұзынағаш орталау мектебі деп аталған оқу орнын Н.И.Швырева басқарды. Ал 1979 жылы В.Косеров атымен аталған білім ордасына Ким Лев Иванович басшылық жасады.

    1981 жылы мектеп өзінің байырғы есімімен Ұзынағаш орта мектебі болып өзгерді.

    1983 жылы мектеп директоры болып Агибаева Роза Нуркасымовна жұмыс істеді.

    1991-1992 оқу жылдарында қазақ тілінің мемлекеттік статус алуына байланысты алғашқы 1 қазақ сыныбы ашылды.

    1996 жылдың 8 ақпанынан бастап жазушы-журналист Сейдахмет Бердіқұлов атындағы мектеп деп аталды.

    Мектепке ұзақ жылдар (1985-2001) білікті басшы З.С Қырғызбаева, 2002-2007 жылдар аралығында Ажигожаева Т. Қ., 2007-2014 жылдары Тлепбергенов С.А. директор болды.

     2014 жылдың қазан айынан қазірге дейін мектепті Бухатова Гульфайруз Советовна басқарып келеді.

     2002 жылы мектеп қабырғасынан ең алғашқы қазақ сыныбының қарлығаштары қанат қақты. Бұл мектептің түлектері қазіргі таңда еліне елеулі, халқына қалаулы адамдар. Мектеп түлектерінің ішінен қоғам қайраткері де, спорт шебері де, музыканы да тағы басқа көптеген шыңдарды бағындырған азаматтар шықты. Атап айтсақ, Ғани Есенкелдіұлы Қасымов – депутат, Сихлиди Павел –Жазғы Азияда ойындарының қола жүлдегері. Жумаев Алихан еркін күрестен спорт шебері. Құрамысов Мадияр Жолдасханович еркін күрестен халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Құрамысов Данияр облыстық филармонияда жұмыс істейді, танымал композитор. Киргизбаев Булат Исатаевич генерал-майор ҚР ҰҚК –нің председателінің орынбасары. Абдильдабеков Марат Мухтарович ақпараттық технологиялар орталығының вице-президенті. Абдильдабекова Айгуль Мухтаровна ҚҰУ-дегі тарих ғылымдарының докторы. Эстенов Жасұлан Токқожаевич 1988-1989 оқу жылын күміс медальмен бітіріп, қазіргі кезде Ауезов ауданы әкімінің орынбасары. Киргизбаев Рахат Сатаевич подполковник ҚР ҰҚК-нің «Шығыс» шекаралық әскери бөлімшесінің басқарма орынбасары. Абдыкапаров Руслан Газизович Жамбыл аудандық өрт сөндіру бөлімінің бастығының орынбасары болып қызмет атқаруда.

     2003 жылы 1 қыркүйектен 600 оқушыға, 2011 жылы 1 қыркүйектен 400 оқушыға арналған мектептің жаңа ғимараттары іске қосылды.

     Мектепте физика, информатика, химия, биология кабинеттерінде қазіргі заман талабына сай интербелсенді тақтамен бірге Интернет желісі де іске қосылған. 2 компьютер класы, мультимедиалық кабинет, 7 интерактивті тақта, кітапхана, спорт залы, шеберхана, асхана, химия, физика, биология, география, математика, шетел тілдері, түрік тілі, қазақ тілі, тарих және орыс тілдері кабинеттері жұмыс істейді.

       Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы №319-111 Заңындағы» білім беру саласындағы жергілікті өкілді және атқарушы органдардың құзіреті туралы 6-бап 1-ші тармағының 1-ші тармақшасына, 4-ші тармақтың 1,2-ші тармақшаларына және ҚР жергілікті мемлекеттік басқару туралы Заңының 31-ші бабына сәйкес, Жамбыл ауданының әкімдігінің 21.04.2008 жылғы №227-ші қаулысын, Жамбыл ауданының білім беру бөлімінің №74 28.04.2008 жылғы бұйрығын негізге ала отырып С.Бердіқұлов атындағы орта мектебінде шағын орталық құрылып, ұйымдастыру шаралары жүргізілді. «Ақбота» шағын орталығында биылғы оқу жылында 50 бала тәрбиеленуде. Ол жерде ойын, ұйықтайтын бөлме, балаларды қабылдау бөлмелерінен және асхана, санитарлық бөлмелерден тұрады. Балаларға қажетті жағдай жасалған, жоспарға сәйкес жұмыс атқарылуда

     Мектебімізде 1996 жылдан бастап түрік мәдени орталығы жұмыс істеуде. Мектеп ішінде және аудан көлемінде өтетін іс-шаралардың бәріне түрік мәдени орталығы белсене қатысады.

Мектепте он бес ұлт өкілдері білім алуда.

 

Похожие публикации: