Әдістемелік кеңес жоспары » "Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Сейдахмет Бердіқұлов атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 2-09-19
Есепші бөлімі:
+7(72770) 2-00-42
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
апрель
2017

Әдістемелік кеңес жоспары

Әдістемелік жұмыс

 

      Әдістемелік тақырып: Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін, ақпараттық сауаттылығы мен шығармашығын дамытуға арналған оқытудың инновациялық әдістері мен критериалды бағалау жүйесін оқыту үдерісіне енгізу.

 Әдістемелік жұмыстың мақсаты:   оқыту процесіне жаңа технологияларды ендіру арқылы оқыту сапасын арттыру. Жеке тұлғаның рухани адамгершілік қасиеттерін дамыту.

                      Күтілетін нәтиже:

Пәндер бойынша неғұрлым тиімді әдістерін таңдау арқылы  сапалы  білімге қол жеткізеді;

Оқушы белсенділігімен қызығушығын арттыруда жиынтық  және қалыптастырушы  бағалауды қолданады;

 Сапалы нәтижеге әкелетін критерийлер құрастыра отырып, сабақ үдерісі мен білімнің меңгерілуі туралы оқушы мен мұғалім және ата-ана   

арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді

Жеке оқушының даму жетістігін бақылайды, оқушының білім алу барысындағы қателіктері мен олқылықтарын айқындайды;

Қазіргі қоғамға тән білім беру үрдісін ізгілендіру,нәтижеге бағытталған білім береді;

Озық ақпараттық технологияларды пайдаланудың тиімділігін  сабақ өту үрдісінде қолданады.

Жас мұғалімдердің кәсіби шеберлігін көтеру жұмыстары нақты жолға қойылады;

Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту мақсатында заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сабақтардың сапасы көтеріледі;

Шығармашылықпен жұмыс істейтін ұстаздардың тәжірибесі жинақталады және таратылады;

Мектепішілік іс-шараларға(Коучинг, Lessonstudy, Шеберлік сыныптары) қатыса отырып, мұғалімдердің кәсіби деңгейі артады;

Сабаққа SMART мақсат қоя алады және жаңа  үлгіде сабақ жоспарын дайындайды;

Сабақтар бойынша  өзара,  өзі –өзіне талдау және кері байланыс жасай алады;

Табыс критерийлері:

- Мұғалімдер әртүрлі оқыту стратегияларын қолдана және топтық жұмысты тиімді ұйымдастыра отырып, оқушылардың білім сапасын арттыруы;

- Мұғалімдер ақпараттық –коммуникациялық технологиялар  дағдыларын игеріп, оқытудың тиімді құралы ретінде пайдалануы;

- Жас мамандар өзінің білімін,ойлауын, тәжірибелік іс - амалдарының тиімділігін тәлімгерлік үдерісі арқылы жетілдіруі;

- Белсенді әдіс –тәсілдерді, критериалды бағалау жүесін қолдану барысында өткізілген сабақтар нәтижесінде оқушылардың алған білімдерін тиімді жағдайларда іске асыруы;

-  Lesson study бойынша зерттеу сабағын, коучингтер, Шеберлік сыныптарын өткізе отырып, мұғалімдердің кәсіби шеберліктерінің артуы;

 - Күнделікті сабаққа қолжетімді мақсат қоя отырып, жаңа үлгідегі сабақ жоспарын дайындауы;

- Сабақты өткізіп қана қоймай,сабақ соңында талдау жасап, сабақ туралы рефлексивтік есеп жазуы;


Похожие публикации:

06 апрель 2017 Мектеп тарихы